Қарағанды облысында өрттен 14 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM –Қарағанды облысының Шахтинск қаласында бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Алматы облысында өрт салдарынан 2 адам мерт болды
Фото: Алматы облысы ТЖД

Оқиға екінші қабаттағы пәтерде болған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында баспалдақ арқылы 14 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Өртті сөндіру кезінде пәтерден бір газ баллоны табылып, жарылыстың алдын алу шаралары жүргізілді.

ТЖМ мәліметінше, өрт шағын аумақта оқшауланып, көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Айта кетейік, Алматы облысында өрт салдарынан 2 адам мерт болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар