Қарағанды облысында тағы бір жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – 10 қараша күні сағат 00:30-дан бастап Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

трасса, закрыта дорога, метель, автомобиль, буран, автожол, жол жабық, боран, көлік, автобус
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Шектеу республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолының 256-359 шақырымында (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы елді мекеніне дейінгі аралықта) енгізілді.

Қозғалысты қайта ашу 10 қараша күні сағат 08:00-де жоспарланып отыр.

Жолдың жабылуы мен ашылуы туралы өзекті ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы «Ақпараттық картадан» көруге болады.

Еске салайық, бұған дейін ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1066 шақырымындағы (Қарағанды қаласынан Молодежный ауылына дейінгі) учаскеде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылған болатын.

Соңғы жаңалықтар