Қарағанды облысында ұшақ апатынан 2 адам мерт болды

Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

қарағанды апат
Фото: pixabay.com

«30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады.

Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты. 

Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.

Комитеттен нақтылағандай, әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлаған.

Соңғы жаңалықтар