19:23, 02 Ақпан 2025 | GMT +5
Қарағанды облысында вагон рельстен шығып кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Кеше, 1 ақпан күні сағат 15:30-да Қарағанды-Сортировочная стансасында жүк пойызы вагондарының бірі рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, болған оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Болжам бойынша, вагонның бір шетіндегі рамасын сынған болуы мүмкін. Вагон өзбекстандық компанияға тиесілі.
Осыған дейін Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кеткені туралы жаздық.
Локомотив жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі және аталған құрамды жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған.