Шұбаркөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

пойыз
Фото: Көліктегі ПД

«3 қараша күні сағат 03.45-те жеке меншік жол бойында „Шұбаркөл Көмір“ АҚ станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті», — делінген хабарламада.

Локомотив жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі және аталған құрамды жеке компанияның локомотив бридасы басқарған. 

«Қазақстан темір жолы» компаниясы оқиға өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ деп сендірді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Норвегияда трамвай рельстен шығып, дүкеннің ішіне кіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар