Норвегияда трамвай рельстен шығып, дүкеннің ішіне кіріп кеткен

В столице Норвегии трамвай сошел с рельсов и въехал в магазин
Фото: NRK

АСТАНА. KAZINFORM – Норвегия полициясының хабарлауынша, оқиғадан төрт адам зардап шеккен. Ел астанасының орталығында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды NRK.

Полицияның хабарлауынша, трамвай жүргізушісін қоса алғанда төр адам зардап шеккен. Оқиға болған кезде қоғамдық көлікте 20 адам болған.

«Қазір онда аласапыран болып жатыр. Мұнда полиция қызметкерлері өте көп, сондай-ақ өрт сөндіруші көліктер жүр, ал адамдар даңғылдан қалай өтерін білмей сандалып жүр»,-деді куәгерлердің бірі.

Оқиға болған маңдағы аудандарда электр қуаты сөндірілді. Оқиға болған Сургата көшесінде қозғалыс ішінара шектелді. Трамвай кіріп кеткен ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Осыған дейін Норвегияның бензинмен жүретін көліктерге қарағанда электромобильдер саны бойынша көш бастағанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram