Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

ұрған
Фото: Әлеуметтік желіден

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қарағанды облысының полицейлері жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған, деп хабарлайды Каzinform тілшісі.

"Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен, "жедел жәрдем" жүргізушісіне бұзақылық әрекетпен қасақана зиян келтірген 36 жастағы күдіктіні ұстады”, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бұзақы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда.

Еске салсақ, 27 қаңтарда ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.

Соңғы жаңалықтар