Қарағанды ​​облысында жоғалған екі ер адам табылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды ​​облысының полицейлері Абай ауданында жоғалып кеткен екі ер адамды тапты.

полиция
Фото: ҚР ИИВ

17 қаңтар күні сағат 11:45–те із-түзсіз жоғалғандар туралы кезекші пунктке хабарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша олар 16 қаңтар күні кешке «Тойота Лэнд Крузер» көлігімен мал іздеп, Кварц қыстауынан Айда қыстауы бағытына шығып, одан кейін хабарсыз қалған.

Іздестіру кезінде туыстары көлікті Айда қыстауынан тауып алды. Алайда ішінде адам болмаған. Одан кейін полиция Төтенше жағдайлар департаменті мен еріктілерді тарта отырып, іздеу-құтқару жұмыстарын бастады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 39 және 68 жастағы ер адамды тапты. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 12 адамды құтқарды.

Соңғы жаңалықтар