Қарағанды облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

дтп
Фото: Polisia.kz

Оқиға 25 қараша сағат 08:50 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тасжолында болған.

Lada Vesta автомобилі Mercedes Benz көлігіне барып соғылған. 

Салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

дтп
Фото: Polisia.kz

30 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі және оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар