Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы қарқынды жалғасып жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 1381 шақырымындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚазАвтожол баспасөз қызметі хабарлады. 

Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы қарқынды жалғасып жатыр
Фото: Видеодан алынған скрин

Жаңа көпір 4 жолақты болып, әр бағытта 2 жолақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болады.

Нысанның жалпы ұзындығы 691 метр.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 200 жұмысшы мен 57 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Көпір заманауи технологиялар бойынша салынып жатыр.

Айта кетелік Өскеменде былтыр қараша айынан бері жартылай жабылған Понтон көпірі ашылған еді.

Соңғы жаңалықтар