18:07, 15 Тамыз 2025 | GMT +5
Қарағанды облысының экология департаментінде жаңа басшы
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысы бойынша экология департаментінде жаңа басшы. Бұл міндетті Бегали Сапаралиев атқарады.

Бүгін Экология және табиғи ресурстар министрлігі төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің жаңа басшысын ұжымға таныстырды.
Тағайындалған жаңа басшы Сапаралиев Бегали Сапаралыулы 1977 жылы Маңғыстау облысында туылған. Мансабын сот жүйесінен бастап, Маңғыстау облысының әділет департаменттерінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.
Екі жоғары білімі бар:
2003 жыл — Орта Азиялық университеті.
2006 жыл — Ш. Есенов ат. Ақтау мемлекеттік
университеті.
Еске салсақ, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшысы лауазымына Эрик Абенұлы Байжүнісов тағайындалды.