Қарағанды тұрғыны жеңіл көлігіне жылқы тиеп алған

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды, деп жазады Polisia.kz сайты.

Audi көлігіне жылқыны тиеп алған азамат анықталды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысы Нұра ауданында патрульдік полиция қызметкерлері 11 желтоқсанда «Нұра-Теміртау» республикалық автожолында Audi көлігін тоқтатты.

Тексеру барысында көлікте жылқы болған.

Көлік жүргізушісі Бұқар Жырау ауданының тұрғыны жылқының өзінікі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады.

— Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 қазаннан бері өтіп жатқан «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Нұра ауданында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 37 фактісі анықталды. Оның 20 жағдайында жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Қарағандыда есірткі саудалағандар ұсталғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар