Қарағанды және Ұлытау облыстарында бірнеше жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Ұлытау облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
19 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылған учаскелер:
Қарағанды облысы:
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 788-906 шақырым, Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы аралығы;
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 970-1066 шақырым, Қарағанды қаласы – Молодежный кенті аралығы;
– «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолы, 17–217 шақырым, Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы аралығы.
Ұлытау облысы:
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 756-788 шақырым, Жаңаарқа ауылы – Қарағанды облысының шекарасы аралығы.
Жауапты қызметтердің мәліметінше, жолдарды 20 наурыз күні сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып алуға болады.
Айта кетейік, бүгін бірқатар өңірде жүк көліктеріне шектеу қойылады.