20:46, 02 Маусым 2025 | GMT +5
Қарағандыда 40 жетім бала әділдікке қол жеткізіп, баспаналы болды
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағандыда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 бала өз үйін тапты.

Бұл тұрғын үй берудегі заң бұзушылықтарды анықтап, әділеттілікке қол жеткізген Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының араласуының арқасында мүмкін болды.
Прокуратураның қолдауымен жергілікті атқарушы органдар пәтер беруді қамтамасыз етті.
– Көптеген бала үшін бұл жай ғана баспана кілті емес, бұл – қалыпты және қауіпсіз өмір сүру мүмкіндігі. Балалардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасып жатыр және аудан прокуратурасының басым бағыттарының бірі болып қала бермек, - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Бұған дейін CҚО-да жетім балаларға тиесілі үйлерде басқа адамдар заңсыз тұрып келгенін жазған едік.