Қарағандыда анасы мен қызы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен әйел мен жасөспірім қыздың зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылды. Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау бағытында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Петропавлда мерекелік демалыс күндері полицияға 1 800-ден астам қоңырау түсті
Фото: polisia.kz

26 наурыз күні Крылов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының денелері табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олардың денелерінде зорлық-зомбылық іздері анықталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталған, қазіргі уақытта оны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр.

Оқиға орнында тергеу әрекеттері жалғасады. Қайғылы оқиғаның толық көрінісін қалпына келтіру және барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті сараптамалар тағайындалып, процессуалдық шаралар жүргізіледі.

Ведомство өкілдері істің ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

— Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізілуде, — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қостанай тұрғыны жанжал кезінде бұрынғы әйелін атып өлтіргенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар