Қарағандыда банк ғимараты өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға Бұқар Жырау даңғылы бойында болған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Павлодарда тұрғын үйден шыққан өрт бір мезетте 6 пәтерді шарпыған
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Қарағанды қаласы Бұқар Жырау даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйге жапсарласып салынған бір қабатты банктердің бірінде өрт шықты.

— Қазіргі уақытта ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Нақты деректер бойынша Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылында орналасқан банктердің бірінде электр сымдарының оқшаулағышы, жылу оқшаулағыш материалдар және сәндік төбе жабындары өртенген, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген.

Бұған дейін СҚО-да өрттен 44 адам мерт болды, оның алтауы — бала екені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар