Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап, мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM —  Қарағанды қаласында көпқабатты үйлердің бірінде жетінші қабаттан екі жасар сәби құлап түсті. Бала оқиға орнында көз жұмды.

Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап, мерт болды
Фото: Kazinform

Қайғылы оқиға бүгін Құрылысшылар даңғылы бойындағы 9 қабатты тұрғын үйде болған.

— Ересектердің қарауынсыз қалған 2023 жылы туған бала 7-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Өкінішке қарай, бала оқиға орнында көз жұмды, — деп мәлім етті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауы жиілеп кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

— балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

— ⁠балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз;

— ⁠баланың өздігінен ашылуына жол бермеу үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз;

— ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп, олармен бірге құлайды;

— ⁠баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз.

Осыған дейін ТЖМ жыл басынан бері еліміз бойынша 60 бала терезеден құлағанын хабарлаған болатын

Соңғы жаңалықтар