Қарағандыда еліміз бойынша алғаш рет полицейлерге коворкинг орталығы ашылды

Қарағандыда еліміз бойынша тұңғыш рет полицейлерге коворкинг орталығы ашылды. Kazinform бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарағанды
Фото: Polisia.kz

Аталған игілікті іс-шараға Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сарсенов қатысты.

«Баршаңызды коворкинг орталығының ашылуымен құттықтаймын. Бұл маңызды шара Қазақстанда тұңғыш рет осы Қарағанды облысында ашылып отыр. Былтыр полиция департаментінің бастығы Санжар Әділовтің студенттермен бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында 16 студент полицияға жұмысқа тұрды. Алдағы уақытта осындай коворкинг орталықтарының арқасында ішкі істер министрлігіне жұмысқа келіп, қылмыспен күресуге атсалысады деген сенімімді білдіремін», – деді министрдің орынбасары.

Коворкинг орталығының басты мақсаты – облыс орталығында орналасқан университеттердің үздік студенттерін іріктеп, оқу кезеңінен бастап, ішкі істер министрлігінің көпфункционалды жүйесіндегі жұмысымен таныстырып, оқуын тәмамдап, қолына диплом алған соң ішкі істер органдарына қызметке алу. 

Қарағанды
Фото: Polisia.kz

«Өздеріңізге белгілі, былтырғы жылы біздің заң факультетінің студенттері қолдарына диплом алғанда ішкі істер органдарына қызметке тұруға сертификат та қоса берілді. Бұл өте маңызды. Өйткені оқу бітірген студенттерімізді біз толық жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз», – деді Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков.

Министрдің орынбасары мен университет ректорының құттықтау сөзінен кейін полицияның коворкинг орталығының ашылуына мұрындық болған облыстық полиция департаменті бастығы мен басқада жауапты мамандарға алғыс хаттар табысталып, орталықтың ашылу лентасы қиылды. 

Қарағанды
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер органдарында сыңдарлы жылдар бойы еңбек етіп жүрген білікті қызметкерлер орталықта студенттердің кәсіби және жеке біліктілігін арттырып, оларды полицияның жұмысына баулиды. Орталықта оқиға орнына шығып, қылмыстың ашылуына бірден-бір септігін тигізетін криминалист мамандарының жұмысын жете түсініп, оны теория мен приактикада ұштастыру мақсатында криминалистикалық палигон кабинеті де ашылған.

Әлімсақтан, жас студенттерді жаңа мүмкіндіктер мен заманауи технологияларды енгізуге баулу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, қылмыстың алдын алу мақсатында ішкі істер органдарына қызметке алу үшін есігін айқара ашқан орталықтың ашылу соңында, полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов университет ректорымен меморандумға қол қойып, орталыққа криминалисттердің қызметінде қолданатын қобдишасы тарту етілді.