Қарағандыдағы жарылыстан екі адам мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысындағы дәмханадағы газ баллонының жарылысынан кейін айнала өртке оранды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 300 шаршы метр аумақта сөндірді. Мұнда екі адам мерт болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram каналында жарияланды.

Қарағандыда газ баллоны жарылысының алдын ала себебі анықталды
Фото: Видеодан скрин

Газ баллоны жарылысының алдын ала себебі анықталды. Дәмханада газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптары бұзылған.

Бір қабатты ғимаратта болған жарылыстан шамамен 200 шаршы метр аумақта жабын конструкциялары құлады. Қазір үйінділерді ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Нақты мәлімет бойынша оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар зақымданған құрылымдарды тексеріп, қайта өртенудің алдын алу шараларын қабылдап жатыр, — делінген ақпаратта

Қарағанды облысында түнде жол бойындағы дәмханада газ баллоны жарылды.

Соңғы жаңалықтар