Қарағандыда «Hokei Meiramy 2025» мерекесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Қарағанды қаласында екінші жыл қатарынан «Hokei Meiramy 2025» мерекесі өтеді.

Казахстанские хоккеистки одержали вторую победу на Азиатских играх
Фото: ҰОК

Қазақстан хоккей федерациясының мәліметінше, салтанатты шара барысында қазақстандық бұрынғы танымал ойыншылар мен белгілі хоккейшілер бас қосады. Олардың қатарында Кевин Даллмэн, Виталий Еремеев, Талғат Жайлауов, Константин Пушкарев бар.

26-27 сәуірде өтетін хоккей мерекесі мастер-шоу, командалар таныстырылымы, жанкүйерлермен кездесу. жоспарланған.

Сондай-ақ «Legends» және «PRO» командалары арасындағы жұлдызды матч болады. Аңыз-команда құрамында әр жылдары «Барыс» пен Қазақстан құрамасы сапында ойын көрсеткен танымал хоккейшілер мұзайдынға шығады. Екінші командада жанкүйерлердің дауыс беруі нәтижесінде таңдалған ішкі ел чемпионатының үздік ойыншылары жинақталады.

Еске салсақ, хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды.

Соңғы жаңалықтар