Қарағандыда өрт кезінде 15 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданындағы Восток ықшам ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

қойма өрт
Фото: ТЖМ

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар пәтер ішіндегі жиһаз жанғанын анықтады. Түтін басқан үйден 15 адам, оның ішінде 8 бала баспалдақ арқылы эвакуацияланды.

Қосымша екі тұрғын арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен шығарылды.

- Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау шағын аумақта оқшауланып, толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазды ведомстводан.

Өрт шыққан пәтердің иесі құтқарушыларға кәсібилігі мен жедел іс-қимылы үшін алғыс айтты.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, Шерзат әкесінің үйі өртенуіне байланысты тергеу тоқтады.

Соңғы жаңалықтар