23:10, 19 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Қарағандыда өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 17 адам құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қарағандыда А.Ермеков көшесі бойындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен қоқыстар өртенді.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.
ТЖД күштерінің жедел әрекеттерінің арқасында 17 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылды.
Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету тобы оқиға орнында 2011 жылы туған зардап шеккен балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті.
Осыған дейін Алматыда 13 адам өлім құшқан хостелдегі өрт бойынша іс сотқа жіберілгенін жаздық.