Қарағандыда ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді

АСТАНА. KAZINFORM —  ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті. 

Қарағандыда ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді
Фото: Видеодан алынған скрин

Бақылап жеткізу әдісімен жүргізілген арнайы операция барысында Таиланд Корольдігінен есірткі арнасын ұйымдастырған азамат анықталып, әшкереленді.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында күдікті өзінің танысы — кәмелетке толмаған жасөспірімді «дроп» ретінде пайдаланып, есірткі салынған пошталық сәлемдемені «Қазпошта» АҚ арқылы оның атына рәсімдеген.

— Жеке тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі заты — каннабис WAX тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы «жертөле» әдісімен есірткі таратқаны да анықталды, — делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кетелік есірткі таратты деп күдікке ілінген қазақстандықтар Черногорияда қамауға алынды

Соңғы жаңалықтар