Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған концертте 235 бала ата-анасынан адасқан

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағандыда Шахтерлер күні қауіпсіз өтті. Полиция қызметкерлері ата-анасынан адасып қалған 235 баланы отбасымен қауыштырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда полиция концерт барысында адасқан 235 баланы ата-анасына табыстады
Фото: Polisia.kz

Кеше Қарағандыда Шахтерлер күні мерекесі кең ауқымда аталып өтті. Орталық алаңға 120 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтары жиналып, мерекелік концертке куә болды.

— Шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1000-нан астам полиция қызметкері және Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Мерекеде бірде-бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Дегенмен, халық көп шоғырланған орында балалардың адасып қалу жағдайлары тіркелді. Барлығы 235 бала уақытша ата-анасынан ажырап қалған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында олардың барлығы қысқа уақыт ішінде табылып, ата-анасына аман-есен табысталды, — делінген хабарламада.

Осы мақсатта тәртіп сақшылары концерттің жүргізушілерімен тұрақты байланыс орнатып, табылған балалар жайлы жедел хабар таратып отырды. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін арнайы автобус бөлініп, онда бүлдіршіндер ата-анасы келгенге дейін бақылауда болды. Бұл оқиға полиция қызметінің басты қағидаты — азаматтардың қауіпсіздігін қорғау мен жәрдемдесуге әрқашан дайын екендігінің айқын көрінісі болды.

Осыдан бұрын Президент атынан шахтерлерге жоғары мемлекеттік наградалар тапсырылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар