Қарағандыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйде орналастырылған синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.

Осылайша, 24 - 25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындаған күдікті екі азаматты ұстады.
Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 кг астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.

Қолда бар мәліметтер бойынша, зертхана жуық арада құрылған. Ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін жүзеге асырып, сатуына жол
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша бермеді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды. Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
