Қарағандыда сорғы стансасындағы ақаудан үйлерде жылу азайды
Қарағанды көшелерінің біріндегі жылу желісінде ақау пайды болды. Оған сорғы станциясындағы кернеудің ауытқуы себеп болды. Қазіргі уақытта мамандар апаттың ауқымын анықтап жатыр, деп хабарлайды Кazinform тілшісі.
«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-де кернеудің ауытқуы салдарынан Дүйсембеков көшесіндегі «Панель-Центр» жылу сорғы станциясында қысқа мерзімді кідіріс болып, сорғы агрегаттары өз бетінше іске қосылған. Салдарынан қысымның күрт көтерілуіне байланысты гидросоққы туындады. Содан Әшімов көшесіндегі жылу желісінда ақау пайда болды» деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Серіктестік қызметкерлері ақаудың сипатын анықтау мақсатында су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ақауды жоюға 2 авариялық бригада, 8 техника жұмылдырылды.
Жұмыс жедел режимде жүріп жатыр.
«Тұтынушылар жылумен жабдықтаудың төмендетілген режиміне ауыстырылды», - деп мәлімдеді компаниядан.