Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағандыда Домбыра күні туған балаларға қазақ мәдениетінің маңызды символдарының бірі – музыкалық аспап тарту ету дәстүрге айналды. Биыл ұлттық мереке Астана күнімен тұспа-тұс келді. 

Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері перзентханаларда болып, аналар мен сәбилерді құттықтап, еліміздің жаңа азаматтарына бақыт тіледі.

– Домбыра – бұл жай ғана музыкалық аспап емес, ол қазақ мәдениетінің бір бөлігі, дәстүрлер мен ұлттық мақтаныштың символы. Ол ұрпақтардың байланысын, халықтың бай тарихи мұрасы мен рухани сабақтастығын білдіреді. Сондықтан да біз осындай сыйлық табыстадық, – деді Қарағанды облысы ҚХА аналар кеңесінің төрайымы Айжан Қиясова.

Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағандыдағы № 1 Перинаталдық орталықта осы мереке күні бірінші болып бір қыз дүниеге келді, нәрестенің есімін Амира деп қойды. Сәби – отбасындағы бесінші бала. Сыйға тартылған домбыра сәбидің тұмары іспеттес болмақ.

Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Акция ұлтаралық келісімді нығайтуға және ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге қызмет етеді, деп сенеді бастамашылар.

Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Облыс бойынша екі маңызды мереке атап өтілуде. Көрмелер, концерттер, флешмобтар, конкурстар, танымдық дәрістер өтеді.

Ұлттық домбыра күні Қазақстанда 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. ЮНЕСКО шешімі бойынша домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мұрасы тізіміне енгізілген.

Айта кетелік Павлодарда ұлтымыздың аңыз домбырашылары бейнеленген суреттер көрмесі өтті

 

Соңғы жаңалықтар