Қарағандыда жылу құбырындағы ақау жойылып жатыр

Жылыту маусымы
Фото: ҚазАқпарат

Қарағандыда жылу трассаларының бірінде ақау пайда болды. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер ақауды жоюмен айналысып жатыр, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Жамбыл көшесіндегі жылу трассасының құбырларынан бу шығып жатқаны туралы бейнежазба пайда болды. Қарағанды қаласының әкімдігі аталмыш көшедегі үйлердің жылуына әсер етпейтін ақау шыққанын мәлімдеді.

«Жылу желісінен ауаны шығаруға арналған клапанда шамалы ақау пайда болды. Қазіргі уақытта бригада жұмыс істеуде, ақау бір сағат ішінде жойылады. Жылыту сапасына бұл ақау әсер етпейді», — деп хабарлады Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram