Қарағандылық археологтер сақ жауынгері жерленген қорымды тапты

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысында археологтер сақ дәуіріне жататын жауынгердің бұзылмаған қабірін анықтады. Бір метрден сәл астам тереңдікте зерттеушілер оң қолында қола қылыш ұстаған ер адамның қаңқасын тапқан. Қасында жебе ұштары мен алтын сырға жатқан. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қарағандылық археологтар сақ жауынгерінің бүтін сақталған жерлеу орнын тапты
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Бұл бірегей олжа биыл жазда Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологтері Ақтоғай ауданындағы Қарабие қорымын қазу кезінде табылды. № 1 қорғанның толығымен сақталғаны белгілі болды, мұндай жағдай сақ ескерткіштері үшін өте сирек кездеседі.

Қарағандылық археологтар сақ жауынгерінің бүтін сақталған жерлеу орнын тапты
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

— Қабірдің жабынды тастарын алғаннан кейін, біз қаңқаны толық анатомиялық қалпында таптық. Оның оң алақанында қылыш болды. Мұндай олжаға жолықпағанымызға көп жыл болды, — дейді мұражайдың жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі Даурен Жүсіпов.

Қарағандылық археологтар сақ жауынгерінің бүтін сақталған жерлеу орнын тапты
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Жерлеу біздің дәуірімізге дейінгі VII–VI ғасырларға жатады және ғалымдардың пікірінше, ол элиталы жауынгерлер өкіліне тиесілі. Ерекше назар аудартқаны — ұзындығы шамамен 30 сантиметр болатын қос жүзді тұтас құйылған қола акинак. Қару дала жыртқыш құстарының бейнелерімен өрнектелген.

— Мұндай пішіндегі және безендірудегі семсер Қазақстан аумағынан бұрын-соңды табылған емес. Бұл жәдігер сақ дәуіріндегі металл өңдеу ісі мен көркемдік талғамның жоғары деңгейін айғақтайды, — деп атап өтті археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Бейсенов.

Қарағандылық археологтар сақ жауынгерінің бүтін сақталған жерлеу орнын тапты
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қылыштың жанынан археологтар бес металл жебе ұшын және алтын сырға тапқан. Алтын әшекей жауынгердің қоғамдағы жоғары мәртебесін айғақтайды. Заттардың көркемдік стилі Талды-2 қорымынан табылған «Алтын адам» жәдігерлерімен үндес.

Қарағандылық археологтар сақ жауынгерінің бүтін сақталған жерлеу орнын тапты
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Барлық табылған бұйым облыстық мұражайдың қорына тапсырылмақ. Ғалымдар ежелгі жерлеудің құпиясын ашу үшін металлографиялық, радиокөміртекті және антропологиялық зерттеулер жүргізуге дайындалып жатыр. Зерттеу нәтижелері келесі жылы қыста таныстырылады.

Айта кетелік археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры жасалатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар