Қарағандылық өрт сөндірушілер цистерналық газ жарылысының алдын алды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Құтқарушылар өрт шыққан жанармай құю стансасынан 66 тұрмыстық газ баллондарын алып шықты. 

Қарағанды
Фото: Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Қарағанды ​​қаласында бүгін сағат 16:19-да Потанин көшесінде «Хантер АГЗС» ЖШС кәсіпорны аумағында көлемі 6 текше метр металл ыдыстағы газ өртенді.

«Өртке қарсы қызмет келгенге дейін сыйымдылықта газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Одан 40 шаршы метр аумақта жеке құрылымның металл конструкцияларына зақым келді. ТЖД күшімен барлығы 66 тұрмыстық газ баллоны шығарылды (53 дана — 27 л, 13 дана — 50 л). 16-59-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді Қарағанды обоыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. 

Өртті жоюға Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар