Қарағандының көркі — Кеншілер мәдениет сарайы

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы — қаланың көрнекті жері саналатын сәулет туындысы. 72 жыл ішінде ғимарат көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұл туралы архив суреттерінен білуге болады.

 Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы

Қарағандыдағы Мәдениет сарайының құрылысы 1940 жылы басталды. Жобаның авторлары сәулетшілер Иосиф Бреннер мен Яков Янош болды. Құрылыс бір жылдан сәл астам уақытқа созылды, бірақ Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды.

Сарай құрылысы тек 1948–1949 жылдары ғана қайта жалғасты. 1950 жылы сарайдың бірінші бөлігінің құрылысы аяқталды. 1951 жылы мәдени орталықтың орталық бөліктері пайдалануға беріліп, 1952 жылы қалалық мәдениет үйі ретінде ашылды.

Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы

Әсіресе сарай алдындағы алты мүсін қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударатын. Олар қарапайым кеңес азаматтары: кенші, құрылысшы, қозылы шопан, колхозшы, домбыра ұстаған ақын және сарбаз. Эскиздердің авторы мәскеулік мүсінші Евгений Вучетич болды.

Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы

Мәдениет сарайының ішкі көрінісіне келсек, концерт залындағы үлкен төбе сәулетшілер мен суретшілерді ерекше таңдай қақтырады. Төбесі 17 ғасырға жататын батыстық классика әдісімен боялған. Кескіндеменің тақырыбы ғана кеңестік дәуірге сәйкес келді: демонстрация, тулар, кеңес жұмысшылары, пионерлер. Картинаны Мәскеу суретшілер қауымдастығының мүшелері Тутеволь мен Аксенов жасады.

Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы

70-ші жылдарды Кеншілер мәдениет сарайының гүлденген шағы деуге болады. Ол кезде Мәдениет сарайында 48 өнер ұжымы болды.

Ал 90-шы жылдар мәдениет сарайы үшін ең қиын жылдар болды.

Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы

1994 жылы сарайда бар болғаны 11 фольклорлық ұжым жұмыс істеді. 1996 жылы Қарағанды облысының әкімі Петр Нефедов Мәдениет сарайын жекешелендіруге рұқсат берді.

Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы

1997 жылы Мәдениет сарайының ғимараты сатылымға шығарылып, мәдениет ошағын «Валют-Транзит» серіктестігінің еншілес кәсіпорны «Аргус» ЖШС сатып алды.

Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы

2000 жылдардың басында ғимарат муниципалдық меншікке қайтарылды. 2007 жылдың 26 ақпанында ауданаралық экономикалық сот мәдениет үйін жекешелендіруді заңсыз деп таныды.

2007 жылғы 25 сәуірде экономикалық сот Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.

Бірақ осы 10 жыл ішінде Мәдениет сарайының ішкі интерьері тоналып, көрінісі айуандықпен өзгерді. Жеке меншік иесі онда кеңсе ғимараттарын жасамақ болып, барельефтер мен карниздер, еменнен жасалған орындықтар алынып, перделер ауыстырылды.

Муниципалды меншікке қайтарылғаннан кейін нысан әкімшілігі мәдени мұраны қалпына келтірумен айналысады.

Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы
Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы
Дворец культуры горняков
Фото: Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы

Ғимараттың сырты өзгеріссіз қалды. Тек ол бірнеше рет боялды: көк, сары және ақшыл түске. Тек соңғы жылдары ғана сарай бұрынғы сұр түсіне қайтарылды.

Қазір Кеншілер мәдениет сарайында 26 шығармашылық топ жұмыс істеп, 700-ден астам адам еңбек етіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар