Қарағанды 9 жасар бала арыққа батып, көз жұмды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қар, жауын суы жиналатын арыққа 9 жасар бала батып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында болған. Шақыртуға келген құтқарушылар бір сағат өткен соң 9 жасар баланың денесін су ағатын арықтан алып шықты», - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала арыққа ойнап жүріп, түсіп кеткен.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ана-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және барынша сақ болуды ескертеді.



Соңғы жаңалықтар