Қарағанды академиясының курсанты NOMAD MMA спортынан Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Қарағанды академиясының курсанты Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды академиясының курсанты NOMAD MMA спортынан Азия чемпионы атанды

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, бүгін жасөспірімдер мен ересектер арасында өткізілген NOMAD MMA стиліндегі Азия чемпионаты аяқталды.

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Иран, Пәкістан және Қырғызстаннан 750-ден астам спортшы қатысты.

Қарағанды академиясының 2-ші курс курсанты Нұрасыл Каликанов NOMAD MMA Азия чемпионы атанды.

3-ші курс курсанты Алайдар Кұрбанбек үшінші орынды иеленді.

Олардың жаттықтырушысы - доцент, полиция полковнигі Болат Күлтаев.




Фото: t.me/POLICE_of_KZ