Қарағанды әкімдігінде кадрлық тағайындаулар болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызмтінен.
None
None

«Қарағанды әкімінің өкімімен қала әкімінің сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жер қатынастары мәселелері жөніндегі орынбасары болып Тайхан Қалмаханов, Қарағанды әкімі аппаратының басшысы болып Арман Оспанов тағайындалды. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервінен «Қарағанды қ. Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының лауазымына Мұрат Қамалиев тағайындалды», - делінген хабарламада.

38-жастағы Т. Қалмахановтың үш жоғары білімі бар: «режиссер, суретші- мультипликатор» мамандығы бойынша Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты, «қаржы бакалавры» және «құрылыс бакалавры» мамандықтары бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Қарағанды қалалық шаруашылық және құрылыс, сәулет және абаттандыру басқармаларында қызмет етті. Қарағандының сәулет және құрылыс бөлімін басқарды. Мемлекеттік қызметтен кеткеннен соң бизнес-құрылымдарда жұмыс істеді.

32-жастағы А. Оспановтың жоғары білімі бар, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Мемлекеттік қызметте 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Қарағанды және Қарағанды облысы әкімдіктерінде, Балқаш әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарды атқарды. ҚР орталық атқарушы органдарында жұмыс тәжірибесі бар. Қазірге дейін Қарағанды әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

39 жастағы М. Қамалиевтің үш жоғары білімі бар: экономикалық, заңгерлік, педагогикалық. Теміртауда прокуратура органдарында қызмет етті, ЖОО-ларда оқытушы, Қарағанды қалалық мәслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы, жер қатынастары бөлімінде бас маман болды. Осы тағайындауға дейін Қарағанды әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімін басқарған.

Соңғы жаңалықтар