16:35, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Қарағанды әкімі өзі оқыған мектепте болды (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының әкімі Нұрлан Әубәкіров Білім күніне орай өзі оқыған № 3 гимназияда болды, деп хабарлайды қала басшысының баспасөз қызметінен.

«Біздің балаларымыз - сіздердің ең талантты да ақылды, шығармашылық қабілеті жоғары екендіктеріңізге сенімдіміз. Сіздер жарқын болашағымыздың сенімді тірегісіздер. Мен сіздер тек елімізде ғана емес, шет елдерде де Қарағандының атағын шығаратындарыңызға сенімдімін»,-деді ол.
Қала басшысы ұстаздар қауымын, оқушылар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, гимназияға интерактивті тақта сыйлады.
Н. Әубәкіров 21 жыл бұрын осы гимназиядан түлеп ұшқан болатын.
Жаңа оқу жылында 6,5 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары Қарағанды мектептерінің табалдырығын аттады. Ал жалпы қала мектептерінде оқушылар саны - 57 мың.