16:04, 08 Ақпан 2011 | GMT +5
«Қарағанды-Балқаш» автожолындағы көлік қозғалысы ашылды -«Қазақавтожол» РМК
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Қарағанды-Балқаш» автожолындағы көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, қатты боранға байланысты бүгін сағат 12:00-ден бастап «Екатеринбор-Алматы» республикалық маңызы бар автожолының «Қарағанда-Балқаш» учаскесінің 1492-1854 шақырымында көліктің барлық түрлеріне жолға шығуға шектеу қойылған болатын. Сағат 14:20-дан бастап аталған жол аралығындағы көлік қозғалысы қалыпты режимге көшірілді. Қазіргі кезде «Қазақавтожол» РМК-ның жол пайдалану бекеттерінің техникалары жолды тазалау жұмыстарын атқарып, кезекшілікке тұрды.