Қарағанды базарында 17 тонна күмәнді құрма тиеген көлік ұсталды

СТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының ішкі істер органдарының қызметкерлері базарлардың бірінде «МАН» көлігін ұстады. Ондағы құрма комсток сымырын жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде Қарағандыға «МАН» жүк көлігімен уланған (комсток сымырын жұқтырған) құрма жөнелтілді деген ақпарат тарады. Қарағанды қаласының ішкі істер органдарының қызметкерлері аталған көлікті базарлардың бірінде анықтап, ұстады. Көлікті ұстау фактісі ҚР ҚК 304 бабы 1 бөлімі бойынша сот алдындағы тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазір жалпы салмағы 17 тоннаны құрайтын құрма тиісті тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдеріне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар