Қарағанды билігі «Қарағанды - Астана» әуе рейсін ашуды ұсынуда, бірақ Үкімет бұл идеяны әлі қолдаған жоқ

ҚАРАҒАНДЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды билігі Астанаға қатынайтын әуе рейсін ашуды ұсынуда, бірақ Үкімет бұл идеяны әлі қолдаған жоқ, деп хабарлайды Қарағанды облысы жолаушылар көлігі және автокмобиль жолдары басқармасының басшысы Абайділдә Санаубаров.
None
None

«Азаматтық авиация комитетінде бірнеше рет отырыс өткізілді. Өкінішке орай, комитет бізді қолдаған жоқ. Біз Астана - Қарағанды автокөлік жолын қайта құрылымдауға байланысты дәлелдер келтіріп, теміржолдың жолаушылар тасқынын тасымалдап үлгермейтінін айттық», - деді А. Санаубаров бүгін облыстық әкімдік баспасөз орталығында өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселе Үкімет деңгейінде де көтерілген.

«Бірақ бізді әзірге қолдаған жоқ. Қолдамауының себебі арақашықтықтың қысқалығы - 200 шақырым болуы», - деп атап айтты А. Санаубаров.

Ол билетінің құны 15 мың теңге тұратын коммерциялық әуе маршрутын жасау шамаланған деп жалғастырды.

Сонымен қатар басқарма басшысы аймақаралық ынтымақтастық шеңберінде «Қарағанды-Павлодар», «Қарағанды-Шымкент» бағытында қатынайтын жаңа әуе рейсін ашу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Қарағандының «Сарыарқа» әуежайынан Мәскеу, Санкт-Петербор, Киев, Минскіге, ел ішінде - Алматы, Өскемен, Кызылордаға, облыс ішінде - Балқаш және Жезқазғанға әуе рейстері жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар