09:15, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Қарағанды циркінің ғимаратында өрт болды
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Кеше, шілденің 2-сі күні Қарағанды циркінің ғимаратында өрт болды.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, от цирк күмбезінің жылу ұстағыш жабындысынан шыққан. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 300 шаршы метрді құрады.
Құтқарушылардың айтуынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жау Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 65 адамы мен 19 техникасының күшімен бір жарым сағаттан кейін ауыздықталды.