20:21, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Қарағанды экономикалық сотында «Сеантология шіркеуі» діни бірлестігінің қызметін тоқтату туралы талап-арыз қаралуда
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 2-і. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданының прокуратурасы «Қарағанды қаласының саентология шіркеуі» діни бірлестігінің қызметін тоқтату туралы талап-арыз түсірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қарағанды облыстық ауданаралық экономикалық сотынан хабарлады.Экономикалық сот талап-арыздың берілуіне бұған дейінгі жасалған тексерулер себеп болған деп түсіндіреді. Тексеру қортындысы бойынша көптеген заңды бұрмалаушылық фактілері анықталған. Дегенмен, заң бұзушылықтар туралы әзірге жан-жақты айтылмай отыр. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілді. Бүгінгі күнге сот мәжілісі белгіленген еді, бірақ отырыс өтпей қалды. Сот отырысы ашық түрде өтпек.