Қарағанды хайуанаттар бағында екі жолбарыс дүниеге келді

Қарағанды хайуанаттар бағында жолбарыстар жұбы қалыптасты. Батыр және Миа есімді жолбарыстарда 2 күшік пайда болды.
«Батыр бізде бірнеше жыл өмір сүріп келеді. Біз оны 2020 жылы жеке хайуанаттар бағынан сатып алдық. Бір жыл бұрын бұл жұп бір-бірінің иісін сезіну үшін көрші қоршауларға отырғызылды. Олар бір-бірін көріп, үйреніп кетуі үшін екі вольер арасындағы қорғау алынып тасталды. Бір жыл ішінде олар достасып кетті. Содан кейін біздің Миа ана атануға дайын болғанда, біз өткен жылы қыста, осы жылдың басында оларды біріктіре бастадық. Олар бір-бірінің қоршауына кіріп, бір-біріне қонаққа бара бастады. Жолбарыстар арасында сүйіспеншілік пайда болып, олардың қарым-қатынасының нәтижесінде маусым айының басында күшіктер пайда болды. Бірақ біз оларды ешкімге көрсетпедік,олар инкубациялық кезеңде болды», - дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова.

Жолбарыстың күшіктері әлі лактация кезеңінде, олар ана сүтімен қоректенеді. Жолбарыстың анасы Миа күшейтілген диетада. Бірақ хайуанаттар бағының қызметкерлері айтқандай, қазір өте ыстық күндердің салдарынан Миа да, балалар да көп тамақтанбайды. Сондықтан олардың диетасына қосымша бірінші санаттағы майдалап туралған ет енгізілді. Жолбарыстарға сүйегі бар ет беріледі, осылайша олар тіс қуысын дамыта алады, дейді зоо мамандар.

«Алдымен біз оларға қосымша су құйылған ыдыстар қойдық, Миа балаларын сол жерде шомылдырды. Біз күшітерді жауып тастадық және оларды адамдардың балалары сияқты қырық күн бойы көрсетпедік. Содан кейін біз бассейнді толтырдық. Миа оларды үнемі қадағалап отырады, тамақтандырады, күніне бірнеше рет мұқият өзі шомылдырады», - дейді хайуанаттар бағының директоры.
Хайуанаттар бағының ветеринарлары анықтағандай, бұл – ұрғашы және еркек жолбарыс.