18:58, 06 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қарағанды қаласы «Цеснабанк» бөлімшесінің қоймасынан ірі ақша сомасы ұрланды
ҚАРАҒАНДЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандыда «Цеснабанк» бөлімшесінің қоймасынан ірі ақша сомасы ұрланды. Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД-нің баспасөз қызметінде хабарланды.

«Цеснабанк» бөлімшесінің өкілдері полицияға күзетілетін қоймадан ірі ақша сомасының жоғалып кеткендігі туралы өтініш жазды. Аталған дерек бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады», деді облыстық ІІД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.
Полицияның мағлұматтары бойынша, банк қоймасынан 5 млн. теңге, 10 мың АҚШ доллары және 5 мың еуро жоғалды.
«Қазіргі кезде банкта жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», деп қосып өтті Ж. Сембеков.
Соның арасында банктан ақша жоғалып кетуіне байланысты өзіндік тексеріс жүргізілетіні мәлім болды. Инкассаторлардың жұбайлары күйеулерін банкта ұстап тұрғандығын айтты. Аталған себеп бойынша олар полицияға шағымданды.