Қарағанды қаласы мен Ақсу-Аюлы ауылы аралығындағы жол ашылды - ККМ

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 2 ақпанда сағат 12.00-ден бастап «РФ шекарасы (Екатеринбургке қарай) - Алматы» автожолының «Қарағанды - Ақсу-Аюлы» учаскесінде (1492-1610 км) жолаушы және жүк көліктерінің қозғалысына рұқсат етілді,
None
None

деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады, деп жазады аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар