Қарағанды қаласынан шығатын барлық жолдар жабылды - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 5 ақпанда сағат 16.30 бастап, ауа-райының қолайсыздығы (қар, боран, желдің күшеюі) және жолдың нашар көрінуі салдарынан Қарағанды қаласынан шығатын барлық бағыттарда автожолдар жабылды.
None
None

Қарағанды облысында қатты боран болу қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазгидромет» РМК Қарағанды гидрометеорология орталығының хабарлауынша, бүгін, 6 ақпанда да қар көп жауып, жел күшейе түседі. Сондықтан, еліміздің тұрғындары мен қонақтарын осы бағыттарда сапар шегуден бас тарту ескертілді.

Сондай-ақ, 2011 жылғы 5 ақпанда сағат 15.00-ден бастап «РФ шекарасы (Екатеринборға қарай) - Алматы» автожолының бұдан бұрын жабық деп жарияланған Астана мен Теміртау қалалары арасындағы учаскеде (1277-1407 км) жол ашылды.

Соңғы жаңалықтар