Қарағанды қаласының активіне жаңа әкім таныстырылды

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды қаласының әкімі болып Бауыржан Әбдішев тағайындалды. Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов бүгін, қаңтардың 11-і күні қала активіне жаңа әкімді таныстырды.
None
None

Мұның алдында Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс 29-шы сессиясы өтіп, онда депутаттар Қарағанды әкімінің қызметіне ұсынылған кандидатураны бірауыздан бекітті.

Б.Әбдішев 1968 жылы туған. Ол Қарағанды облысында туып-өскен. 2008 жылдың желтоқсан айынан бері «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында инновациялық комитет төрағасының орынбасары болып қызмет етіп келген.

С.Ахметов, сондай-ақ Қарағандының бұрынғы әкімі Ислам Тоғайбаев өз өтінішіне сәйкес және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша қызметінен босатылғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар