12:51, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Ислам Тоғайбаев мезгілсіз дүние салды
ҚАРАҒАНДЫ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Ислам Тоғайбаев 63 жасында мезгілсіз дүниеден өтті.

«Ислам Тоғайбаев кеше қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша оның көз жұмуына инсульт себеп болды», - деп хабарлады қала әкімдігінен.