«Қарағанды-Қарқаралы» тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, 10 адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Қарағанды-Қарқаралы» тас жолында болған ЖКО салдарынан 10 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстың ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Бақытжан Құдияров хабарлады.
None
None

«17 желтоқсан «Қарағанды-Қарқаралы» жолында Ауди-80 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша, Қарқаралы бағытындағы жолда қарсы бетке шығып, 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-100 автокөлігімен қақтығысты. Жол апаты салдарынан екі көліктен 10 адам зардап шекті. Ауди-100 жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді, қалғандарына медициналық көмек көрсетілді», - деді Б.Құдияров. Оның мәліметтері бойынша, Ауди-80 көлігінің зардап шеккен жолаушыларының арасында ІІМ Ұлттық гвардиясының демалыста жүрген әскери қызметкері, 4 жасар бала мен оның 30 жастағы анасы, екі ағалы-інілілер болған. ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар белгіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар