Қарағанды көмір бассейнінің негізі қаланғаннан бері шахтерлер 2 млрд. тоннаға жуық көмір өндірді (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Кеншілердің мәдениет сарайында Шахтер күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.
None
None

«Бүгінгі таңда Қарағанды көмір бассейнінің шахтерлері 2 млрд. тоннаға жуық көмір өндірді. Соңғы 18 жылдың ішінде ғана «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаменті 200 млн. тоннадан астам өнім шығарды», деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеван, кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып.

Бүгінде көмір саласында жаңа технологиялар енгізілуде, деп атап өтті ол.

«2000 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде «АрселорМиттал Теміртау» көмір кәсіпорындарында қауіпсіздік құралдарын, жабдықтарды жаңартуға 930 млн. доллардай инвестиция салды. Жаңа 40 проходка комбайндары, 40 ленталы конвейер, аспалы монорельсті жолдар және басқа да көптеген жарақтар сатып алынды», - деді компания басшысы.

Оның айтуынша, 2013 жылға еңбек қорғау мен қауіпсіздік шараларына жұмсалған қаржы 2,3 млрд.-тан астам теңгені құраған.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков кеншілерді құттықтай отырып, Высоцкийдің «Шахтерлер маршы» өлеңінен бір шумақ келтірді. «Шахтер мамандығы әрқашан да құрметті және қадірлі болды. Көмір өндіру - ержүрек адамдардың ісі», деп атап көрсетті өңір басшысы.

Әсіресе сала ардагерлерінің атына алғыс айтылды. Қарағанды көмір бассейнінің тарихында 36 кенші Социалистік Еңбек Ері атанды, 30-ы - КСРО Мемлекеттік сыйлығының, 9-ы - Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.

Салтанатты жиналыста саланың үздік қызметкерлеріне наградалар тапсырылды.

«АрселорМиттал Теміртау» басшылығының мәліметтері бойынша, кәсіби мерекеге орай көмір департаментінің 2000-нан астам қызметкерлерінің қажырлы еңбегі аталып өтілген. «Шахтер даңқы» белгісімен 46 адам марапатталған, олардың 14-і бұл атақтың толық иегері болды. «Әрине, еңбектің бағаланғаны сүйінішті. Мен шахтаға 20 жасар жасөспірім кезімде келдім, 36 жыл бойы кенші болып еңбек етіп келемін. Қазір жабдықтар да өзгерді, еңбек жағдайлары да жақсарды», - деді «Шахтер даңқы» иегері, В.И.Ленин атындағы шахтаның жерасты кен жұмысшысы Юрий Черныш. Жиналыс мерекелік концертпен аяқталды. Олардың алдында Қарағандыға шахтерлер күніне арнайы шақырылған итальяндық «Ricchi E Poveri» тобы өнер көрсетті.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеван

«Шахтер даңқы» иегері, В.И.Ленин атындағы шахтаның жерасты кен жұмысшысы Юрий Черныш

Соңғы жаңалықтар