Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бес мамандық бойынша халықаралық аккредитациядан өтті

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бес мамандық бойынша халықаралық аккредитациядан өтті, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
None
None

«Ресейдің Инженерлік білім қауымдастығы жасақтаған сыртқы сараптау комиссиясы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде бір апта бойы - мамырдың 24-і мен 29-ы аралығында - жұмыс істеді. Комиссияға Санкт-Петербор политехникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Александр Игоревич Сурыгин жетекшілік етті.

Білім бағдарламаларына жүргізілген сараптаулар аяқталғаннан кейін комиссия оқу орнына бакалавриаттың бес мамандығы бойынша - 5В070200 - «Автоматтандыру және басқару», 5В070700 - «Кен ісі», 5В070900 - «Металлургия», 5В071200 - «Машина жасау», 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технология» мамандықтары бойынша халықаралық аккредитациялау туралы куәлікті беруге кеңес берді»,- делінген оқу орнының баспасөз баянында.

Ресейдің Инженерлік білім қауымдастығының аккредитациясынан өткен бағдарламалар қарағандылық оқу орнында жүзеге асырылатын инженерлік білім беру жүйесін халықаралық білім беру жүйесіне, оның ішінде Еуропадағы Болон үдерісіне ықпалдастыруға мүмкіндік береді, деп атап көрсетеді мамандар.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 2009 жылдың қараша айында ұлттық аккредитациялаудың қорытынды кезеңінен сәтті өткен Қазақстандағы үшінші және аймақтағы бірінші оқу орны болды.

Соңғы жаңалықтар