Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде әскери-техникалық факультет ашылады

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің басшылығы жоғары оқу орнында әскери-техникалық факультет ашуға бастама көтерді.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Инженерлік азаматтық мамандықтар бойынша жоғары сапалы базалық білім беруді ұйымдастыру тәжірибесін және әскери кафедраның заманауи материалдық базасын ескере отырып, университеттің ҚР Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық зәру мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мүмкіндігі бар», деп атап өтті баспасөз қызметінде. Әскери-техникалық факультетті бітіргендер бакалавр дәрежесімен бірге офицерлік атақ алып шығатын болады. Университеттің Спасск кентінде орналасқан оқу орталығында әскери пәндер бойынша практикалық сабақтар өткізетін полигон бар. Студенттер мұнда әскери кафедраның басқаруымен жауынгерлік даярлықтан өтеді. Жаңа факультетте әскери пәндерді арнайы мамандар өткізеді. Сондай-ақ университет базасында офицерлер бір жылдық бағдарламамен даярлықтан өтеді.
Соңғы жаңалықтар